Аргентинада халық жаңа реформаға қарсы шықты
Аргентинада халық наразылығы қақтығысқа ұласып, 100 шақты адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың 60-тан астамы – полиция қызметкерлері. Жаппай наразылық елдің солтүстік-шығысында болды.
Тұрғындар жаңа конституцияға қарсы шықты. Ашуға ерік бергендер Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласында көліктерді өртеп, полицияға тас лақтырды. Құқық қорғаушылар халықты тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Жиналғандар үкімет үйін басып алмақ болған. Қақтығыс кезінде тәртіпсіздік жасағандар тұтқынға алынды. Өңірдегі әуежай жұмысы тоқтап, ірі жолдар жабылды. Жаңа реформаға әсіресе мұғалімдер мен дәрігерлер қарсы болып отыр. Олардың сөзінше, жаңа конституция адамдардың құқығын шектеп, қарапайым халықтың күнкөрісін қиындатады.