Парижде жойқын жарылыс болды

Парижде қатты жарылыс болып, 37 адам жарақат алды.

Жапа шеккендердің төртеуі ауыр халде жатыр. Құтқарушылар үйінділер астында тағы 2 тұрғын болуы мүмкін дейді. Төтенше оқиға шаһар орталығындағы Париж америкалық академиясы орналасқан ғимаратта болды. Жарылыстан кешеннің алдыңғы қабырғалары қирап қалған. Алдын ала тергеуге қарағанда газ баллоны жарылған. Кей тұрғындар жарылыс болар алдында газдың иісін сезгендерін айтады. Тергеу жүріп жатыр.