Tesla зауыты Үндістанда салынуы мүмкін
Америкалық Tesla енді Үндістанда шығарылуы мүмкін.
Бұл туралы Илон Маск Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесу кезінде мәлім етті. Зауытты салатын орын жыл аяғына дейін таңдалуы тиіс. Қазір миллиардер нысан құрылысына қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Масктің айтуынша, Үндістанның энергетика саласында әлеуеті зор.
Tesla зауыттары АҚШ, Германия және Қытайда орналасқан. Таяуда Мексикада жаңа құрылыс пайда болатыны расталды. Электромобиль өндірушінің акциялары жақында тағы қымбаттады. Биыл компания капитализациясы 2 есе көбейіп, 826 млрд долларға жуықтады.