Кореяда онкологиялық дертті ауыр ион көмегімен емдеп жатыр
Оңтүстік Кореяда алғаш рет онкологиялық ауруларды ауыр иондардың көмегімен емдей бастады.
Бұл әдіс Жапонияда шамамен 30 жыл бұрын қолданылған. Бағасы қымбат болғанымен нәтижесі жақсы.
Әлемде ионотерапия орталығы бар 5 ел болса, соның бірі Оңтүстік Корея. Оның құрылысына 300 миллиард вон немесе шамамен 234 миллион доллар жұмсалған. Жеті қабатты ғимараттың жер астында бес бөлігі бар. Осы ауруханада әлемде алғаш рет биіктігі 3 қабат екі айналмалы портал пайда болды. Бұл механизмдер көміртегі атомын жарық жылдамдығындай жеделдетеді. Алынған қуатты энергия сәулесі қатерлі ісік клеткаларын өлтіреді.
Ли Ик Дже, Ёнсе университеті ауыр иондармен емдеу орталығының директоры:
- Алғашында қатерлі ісік рентген сәулелерімен емделді, кейін протон терапиясы пайда болды, қазір ауыр иондармен емдеп жатырмыз. Иондық және протондық терапияның айырмашылығы туралы айтатын болсақ, ауыр иондармен емдеу 2-3 есе тиімдірек. Өйткені сәулелер күштірек және ісікке дәл түседі, жақын орналасқан тері мен жасушаларға зақым келтірмейді.
Жаңа орталық емделушілерге кететін шығынды азайтады. Бұрын көптеген оңтүстіккореялықтар ион терапиясын алу үшін Жапонияға баратын.
Ли Ик Дже, Ёнсе университеті ауыр иондармен емдеу орталығының директоры:
- Бізде 3 кабинет бар. Бірінші бөлмені қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеуге пайдаланамыз. Алдағы уақытта екінші және үшінші кабинеттерді өкпе, ұйқы безі, ми ісігі және бұрын емделмейтін басқа да ауруларға пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – Корея халқы үшін емделуді қолжетімді ету. Болашақта жабдықтардың көлемін кішірейтетін технологиялар пайда болса, әртүрлі онкологиялық ауруларды емдеуге болады.
Владислав Цой, тілші:
- Ауыр иондар еркек безінің қабынуын емдеуге тиімді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл әдіс аурудың 4-сатысы бар науқастарға көмектесе алмайды. Бір үлкен кемшілік - ионотерапияның құны қымбат. Оңтүстік Кореяда мұндай ем медициналық сақтандырумен қарастырылмаған. Сондықтан науқас шамамен 41 мың АҚШ долларын жұмсайды.
Владислав Цой, Ольга Лян