Еуропада саяхат кемелері ауаны көліктен көбірек ластайды
Еуропа ауасын көліктерден гөрі круиз лайнерлері көп ластайды.
Мұндай мәліметті, бельгиялық Қоршаған орта ұйымы жариялады. Зерттеуге қарағанда, былтыр кәрі құрлыққа аялдаған 218 круиз лайнері ауаға 509 тонна күкірт тотығын шығарған. Бұл Еуропадағы барлық көліктен тарайтын лас қалдықтардан 4,4 есе көп. Сәйкесінше жағалауға жақын орналасқан шаһарлар ең ластанған қалалар қатарына кіреді. Табиғатты қорғаушылар үкіметтер мен круиз компанияларын мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырып отыр.