Қытайда мейрамханадағы жарылыстан 31 адам қаза тапты
Қытайда барбекю мейрамханасында газ баллоны жарылып, 31 адам ажал құшты.
Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Инчуань қаласында болған. Тағы 7 кісі жарақат алған. Оларды құтқарушылар алып шықты. Біреуі ауыр халде жатыр. Кейбір ақпарат көздері бойынша, шеф-аспаз газ баллонының қақпағын ауыстырған. Жарылыс осы мезетте болған. Ал иіс одан бұрын таралыпты. Тергеу басталды. Осының алдында елде айдаһар-қайықтардың фестивалі басталған болатын. Бұл мереке кезінде мейрамханалар адамға лық толады.