Қытайда аптап ыстық қайтпай тұр
Елде ауа температурасы рекордттық деңгейге көтерілді.
Бейжіңде күн райы 41 градусқа жетті. Өткен аптада елдің солтүстігінде қатты ыстық тіркелген. Тұрғындар мұндайды бұрын-соңды көрмедік деп дабыл қақты. Қала тұрғындары күннен қорғану үшін көлеңке іздеп әлек. Балалар шаһардағы фонтандарға түсіп жүр. Билік өкілдері, азаматтарға алыс жолға шықпауға, сыртта көп жүрмеуге кеңес береді. «Бейжіңде мұндай аптап 60 жыл бұрын болған», - дейді мамандар.