Uber қызметкерлерін қысқартпақ

Америкалық Uber техноложис компаниясы қызметкерлерін тағы қысқартады.

Такси және тамақ тасу қызметін көрсететін мекеме 200-ге жуық адамды жұмыстан босатуды көздеп отыр. Компанияның кадр бөлімінде 35 пайыз қызметкер қысқартылады. Былтыр Uber жүздеген адамды жұмыссыз қалдырған еді. Мекеме басшылары шығын көлемін осылай азайтпақ. Әлем бойынша Uber компаниясында 32 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпорын акциялары таяуда 1,2 пайызға қымбаттады. Мекеменің құнды қағаздары жыл басынан 72,5 пайызға өсіп отыр.