Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені екі есеге көтерді

Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 8,5 пайыздан 15%-ке дейін көтерді.

Бұл Орталық банктің жуырда тағайындалған жаңа басшысының алғашқы шешімі. Сондай-ақ ол мөлшерлеменің өсуі мүмкін екенін жасырмады. Сарапшылар бұған дейін мөлшерлеме 40%-ке дейін көтеріледі деп күмәнданды. Елде бағаның өсуі соңғы 24 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Жаңа үкіметке бағдарлама дайындып, экономикалық қиындықтарды еңсеру тапсырылды.