«Титаникті» тамашалауға кеткен 5 адам қалай қаза тапты?
«Титаникті» тамашалу үшін мұхит түбіне түскен туристер қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сүңгуір аппаратының бөлшектерін тапқан АҚШ-тың жағалау күзеті осылай деп мәлімдеді. Алайда марқұмдардың денесі табылуы екіталай.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Атлант мұхитынның түбіндегі 4 шақырым тереңдікте жатқан Титаникті көруге түскен туристерді АҚШ, Канада, Франция құтқарушылары 4 күн іздеді. Сүңгуір аппарытының ішіндегі апатты жағдайда жеткілікті болады-ау деген оттегі таусылмайынша адамдарды тауып алуға жанталасты. Әуеден ұшақтар, суда кемелер, тереңдікті сүңгуір қайықты көмекке тартты. Жалпы алғанда, 30 мың шаршы шақырымдай аумақта сүзіп шыққан. Өкінішке қарай, енді туристердің тірі қалуы екіталай.
Джон Маугер, АҚШ жағалау күзеті бірінші округінің командирі:
- Бүгін қашықтан басқарылатын ROV аппараты Титаник жатқан жерден шамамен 488 метр қашықтықта шағын сүңгүр қайығының артқы бөлігін тапты. Бұдан қашық емес маңнан корпустың тағы бірнеше бөлігі шықты. Бұл қысым камерасының күл талқаны шыққанын көрсетеді.
Бұл бөлектердің бірі – батискафтың артқы қақпасы. Яғни, адам өмірін сақтау үшін қажет өте маңызды бөлігі саналатын. Шағын суасты аппаратының күйреуіне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сарапшылар сүңгуір аппараты қаншама тонна қысымға шыдамай, жарылып кетуі мүмкін деп болжайды.
Уилл Конен, Теңіз технологиясы сүңгуір көліктер комитетінің төрағасы:
- Қараңыз. Сіз 5 жастағы балаға шарды тес дейсіз, ол секундқа жетпей жарылады. Мұхиттың астында да осыған ұқсас жағдай болды. Бір секунда жоқ болды. Дәл сондай жарылыс, бірақ қатты қысыммен ішіне қарай қысылды. Менің ойымша, ешкім не болғанын түсінбей де қалды.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Осылайша, «Титаникті» тамашалауға кеткен 5 адам қаза тапты. Олар мұхит астындағы саяхатты ұйымдастырушы компанияның басшысы, француздық зерттеуші, британдық кәсіпкер және пәкістандық миллиардер ұлымен болған.
Авторы: Нұрбек Бекен.