Польшада Одер өзені тартылып барады

Польшада Одер өзені тартылып барады

Польшада Одер өзені тартылып, балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологиялық дағдарысқа құрғақшылық себеп. Ал балықтар балдырдың көбеюінен өліп жатыр. Маусым айында өзеннен 1 тоннадан астам балық өлексесі шығарылған. Мұндай ахуал өңірде бірінші рет болып отырған жоқ. Былтыр да осы жерде ондаған тонна балық қырылған. Экологтар Польшада өзен-көлдердің 98%-інің жағдайы нашар дейді. Жауапты мекемелер қоршаған ортаны қорғау үшін бөлінетін қаражатты тиімді пайдаланбайды деп шағымданады мамандар.