Үндістанда су тасқынынан 45 мың адам үйсіз қалды
Үндістанның солтүстік-шығысында төпелеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар қатты жауын-шашын Пагладия өзенінің арнасынан шығып кетуіне әкеп соқты дейді. Ассам штатының тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Соңғы деректерге қарасақ, апат салдарынан 45 мың тұрғын зардап шеккен. Халық белден келетін су кешіп жүр. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге қамданды. Қазір елде қауіп көрсеткіші ең жоғары деңгейге көтеріліп отыр. Әзірге жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Билік өкілдері енді тасқын соңы лай көшкініне ұласуы мүмкін деп халыққа ескерту жасады.