Парижде климаттық саммит өтіп жатыр
Франция астанасында климаттың өзгеруімен және кедейшілікпен күрес бойынша саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мақсат жаһандық жылынудан көп зардап шегіп отырған мемлекеттерге көмектесу жолдарын талқылау. Шараға әлем елдерінің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналған.
Эммануэль Макрон, Франция президенті:
- Өзгеріп жатқан климат қауіпті күшейтті. Мемлекеттер арасындағы теңсіздік ұлғайды. Пандемия бұл мәселелерді тіпті шиеленістіріп жіберді. Ондаған жыл бойы тиімді жұмыс істеп келе жатқан әлемдік қаржы жүйесі жаңа сын-қатерлерге дайын болмай шықты. Сондықтан біз өзгерістерге бейімдеуіміз керек.