Бразилияда экс-президентке қарсы сот басталды
Бразилияда жоғарғы сайлау соты елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қатысты істі қарауға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған ел басқарып тұрғанда қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Тергеушілер Болсонару жалған ақпарат таратып, сайлауды бұрмалады дейді. Кінәсі дәлелденсе, 68 жастағы экс-президент 8 жыл сайланатын лауазымдарға үміткер ретінде тіркеле алмайды. Жаир Болсонару былтыр Бразилияда президенттік сайлауда Лула да Сильвадан ұтылып қалған. Бірақ ол өзінің жеңілісін мойындамай, жаңа президентті ұлықтау кезінде АҚШ-қа ұшып кетті.