Биыл әлемде күріш тапшы болады

Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметінше, 9 миллион тоннадай жетіспейді.

Бұл әсіресе Азия-Тынық мұхиты аймағына ауыр тиеді. Себебі күріштің 90 пайызын осы өңір тұтынады. Қазірдің өзінде бір центнердің бағасы 17 жарым долларға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе қымбат. Бұған ауа райының өзгеруі себеп болды. Әлемдегі негізгі күріш өндіруші елдің бірі Таиландта толастамай жауған нөсер кесірінен өнім өнбей қалды. Басқа елдерде аптап ыстық орнап, қуаңшылық жайлады.