В. Путин мәлімдеме жасады
Ресей президенті елде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Ол әскери бүлік шығарғандар қатаң жазаға тартылады деді. Сондай-ақ Владимир Путин Мәскеуде, Мәскеу облысы мен елдің басқа аймақтарында "терроризмге қарсы, қосымша шаралар қабылдағанын" жеткізді. Бұдан басқа, Дондағы Ростов қаласындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты қадамға баратынын мәлімдеді.