Ирандағы Аррас жаһандық геосаябақ мәртебесіне ие болды
Ирандағы Аррас ЮНЕСКО ұйымының жаһандық геосаябақ мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 1,5 мың шаршы шақырымнан аса ауданға жайылған. Саябақта 252 миллион жыл бұрын болған жануарлардың жаппай қырылу іздері сақталған. Ол ғаламшар тарихындағы ең елеулі дәуірлердің бірі саналады. Саябақта кавказ құры, асыл тұқымды бұғы, армян муфлоны және кавказ қабыланы секілді сирек кездесетін жануарлар мекендейді.