Грецияда Парламент сайлауы қайта ұйымдастырылды
Грецияда Парламент сайлауы қайта өтіп жатыр.
"Басты фаровит - "Жаңа демократия" консервативті басқарушы партиясы", - дейді көпшілік. 21 мамырда бірінші турда жеңіске жеткен аталмыш партия коалициялық үкімет құрудан бас тартты. Оның басшылары тек бір партиялы жүйеге қол жеткізуге ниетті. Сол себепті де, дауыс берудің екінші кезеңі ұйымдастырылды. Бұл - соңғы жарты ғасырдағы елдің саяси өміріндегі үлкен өзгеріс болмақ. Жалпы, сайлауға 32 саяси партия қатысты.
Кириакос Мицотакис, "Жаңа демократия" партиясының жетекшісі, экс-Премьер-министр:
- Азаматтар өз таңдауын дұрыс жасайтынына сенімдімін. Грекия үшін өркендеу мен әлеуметтік әділеттілікті қаласаңыз, елдің саяси өміріне қатысу маңызды.
Гватемалада президент сайлауы өтті
- Ал Гватемалада бүгін президент сайлауы өтті. 9 миллион тұрғын дауыс берді. Алайда, қажетті 50 процент межені ешбір кандидат жинай алмады. Енді келесі сайлау 20-шы тамызда өтеді.