Қытайда күн мен судан қуат алатын электр стансасы іске қосылды

Қытайда күн мен судан қуат алатын әлемдегі ең ірі электр стансасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Сычуань провинциясында 4,5 шақырым биіктікте орналасқан. Станса 700 мың үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаражат жұмсалғаны әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, әлемдегі ең ірі су электр стансасын да Қытай инженерлері салған еді . Ол Янцзы өзенінде орналасқан. Жылына 111 миллиард киловатт/сағат электр қуатын өндіреді.