Грекиядағы сайлауда «Жаңа демократия» жеңіске жетті
Консервативті оңшылдар партиясы 40,5% дауыс жинап, басты қарсыласы солшылдар коалициясы – «Сиризуны» басып озды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, оңшылдар көшбасшысы КириАкос Мицотакис жаңа премьер-министр атанбақ. Ол бүгін ант беріп, жаңа үкімет құруға мандатын алады.
Айта кеткен жөн, елде парламенттік сайлау соңғы 2 айда екінші рет өтті. Мамырда өткен сайлау қорытындысына партиялар келіспей, сайлауды қайта өткізу туралы шешімге келген еді.
Жалпы саяси додаға 32 партия қатысты.
Кириакос Мицотакис, «Жаңа демократия» консервативті партиясының жетекшісі:
- Бүгін – жеңісімізді тойлайтын күн. Барша жұрт дән риза. Ал ертең жұмысқа кірісіп, жаңа Грекияны бірге құрамыз. Бізге дауыс бергендерге үлкен алғыс. Осындай құрметке ие болғаныма өте ризамын. Жақсы күндеріміз әлі алда.