Судандағы қарулы қақтығыстар тыйылар емес
Ел астанасы Хартумде жағдай әлі тұрақсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».
Таяуда 3 күндік бітім жарияланған еді. Бұған АҚШ пен Сауд Арабиясы көмектескен болатын. Бірақ 3 күн өткеннен кейін қанды қырғын одан бетер күшейген тәрізді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері елдегі жағдайға қатты алаңдап отыр. Соңғы деректерге жүгінсек, қақтығыстар басталғалы бері қаза тапқандар саны 3 мыңнан асқан.