Лампедузаға бір тәулікте 800 мигрант келді
Италияның Лампедуза аралына бір тәулікте 800 мигрант келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, аралға таяуда келген босқындар саны 1200-ге жетіп отыр. Жоспар бойынша олардың жартысынан көбі Катания және Порто-Эмпедокле қалаларына жеткізілуі тиіс.
Лампедуза – Еуропадағы Жерорта теңізі арқылы өтетін ең ірі арал. Ол Тунис жағажайыннан 145 шақырым қашықтықта орналасқан. БҰҰ-ның деректері бойынша, былтыр мұнда 46 мың мигрант келген. Олардың көбі – Африка елдерінен қашқан босқындар.