Швецияда аттракционда қайғылы оқиға болды
Стокгольмде «Грена Лунд» ойын-сауық паркінде бір әйел қаза тауып, 9 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы деректер бойынша, пойыз рельстен шығып, адамдар жерге құлаған. Құрбан болған 35 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Үшеуінің халі мүшкіл, - дейді дәрігерлер. Әзірге апаттық жағдайға нақты не себеп болғаны белгісіз. Қазір ойын-сауық паркі уақытша жабылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, «Джетлин» аттракционының биіктігі – 30 метр, ал жылдамдығы сағатына 90 шақырымға дейін жетеді екен.