Ұлыбританияда аптап ыстық орнады
Ұлыбританияда аптап ыстық.
Ауа температурасы оңтүстікте 30 градустан асып кетті. Бұл британдықтар үшін өте ыстық ауа райы болып есетептеледі. Қазір Брайтон жағажайында ине шаншар жер жоқ. Демалыс орындар адамға лық толы. Қонақ үйлер келішулерге қызмет көрсетіп үлгере алмай жатыр. Мұнда баға да аспандап кетті. Синоптиктер алдағы күндері аптап ыстық жалғасады дейді. Мамандар бұл жаһандық жылыну әсерінен деп пайымдайды.