Сан-Паулуда кофе фестивалі өтті
Шарада хош иісті ерекше сусындардың түр-түрі көрсетілді.
Дүйім жұрт кофені дайындайтын ерекше әдістермен танысты. Фестивальдің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын кофе мәдениетімен таныстыру, - дейді ұйымдастырушылар. Жиынға 100-ден астам өндіруші компания қатысқан. Шара 3 күнге жалғасады деп күтіліп отыр.
Бразилия әлемдегі ең ірі кофе өндіруші әрі экспорттаушы ел болып есептелетінін еске сала кетейік.