АҚШ-тың Гринвуд қаласында алапат құйын жүрді
АҚШ-тың Индиана штатында да табиғат тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Гринвуд қаласы маңында алапат құйын жүріп, соның салдарынан 75 үйге зақым келген.
Құйыннан 5 мың шақырым жол бүлінген. Кей аудандарда электр желілерінің үзілгені белгілі. Қазір апаттан зардап шеккендер уақытша баспаналарға орналастырылған. Мамандар апат салдарынан келген шығынды есептеп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, қалпына келтіру жұмыстарына бірнеше миллион доллар қажет болуы мүмкін.