Чилиде су тасқынынан 400 отбасы үйсіз қалды

Чилидің орталық бөлігінде тоқтаусыз жауған нөсерден өзен арнасынан асып, су тасқыны жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 2 адам қаза тапты. 3 азамат із-түзсіз жоғалып кетті. 400 тұрғын үйсіз қалды. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін тікұшақтар мен қайықтар жұмылдырылған.

Айта кетейік, Чилиде бірнеше ай бұрын ғана табиғи апат тіркелген еді. Құрғақшылық кесірінен орман алқаптары өртеніп, жүздеген үй күлге айналған болатын. Сол кезде ондаған адам көз жұмды.