Иранда құмды дауылдан айнала көрінбей қалды

Иранның Систан және Белуджистан өңірлерінде құмды дауыл соқты.

Желдің екпіні секундына 30 метрге жеткен. Дауыл салдарынан 330 адамға зақым келді. Оның елу жетісі ауруханаға жеткізілді. Жалпы дауыл елдегі бес бірдей қаланы басып өткен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір елді мекендерде жарық пен ауыз су жоқ.