Египетте 13 қабатты үйдің бір бөлігі құлады

Египеттегі Александрия қаласында 13 қабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше үйінді астында көп адам қалуы мүмкін. Қаза болғандар саны жөнінде әзірге нақты ақпарат жоқ. Төрт адамның жарақат алғаны белгілі. Олар бұл үйдің тұрғындары емес, қираған кезде осы маңанан өтіп жатқандарр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.