Еуропалық Одақ Иранға қарсы 9-шы санкциялар пакетін енгізді

Ресми Брюссель 2022 жылы Тегеранда болған наразылық акциясын күшпен басқаны үшін 7 шенеунікті айыптады.

Нақтырақ айтқанда, олар "адам құқықтарын бұзғаны үшін" жазалануы тиіс, дейді Еуроодақ. Қара тізімге Иранның 2 губернаторы, Бас прокуроры, сот билігі және Ислам революциясы қамқоршылар корпусының әскери қызметшілері кірді. Енді, олардың активтері бұғатталады; Еуропа елдеріне кіруге тыйым салынады.

Еске салайық, Люксембургте 27 елдің сыртқы істер министрі бас қосты. Олар Иран Ислам Республикасындағы 300-ден астам адамның өліміне себеп болған наразылық оқиғасын талқылады.