Швеция мен Түркия Брюссельде келіссөздер жүргізеді

Вильнюстегі НАТО саммиті қарсаңында Швеция мен Түркия көшбасшылары Брюссельде кездесу өткізеді.

Бұл туралы әскери блоктың Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Келіссөздің мақсаты – Швецияның НАТО-ға кіруі мәселесін талқылау, деп атап өтті Солтүстік Атлантикалық альянс басшысы. Еске салайық, Түркия мен Венгрия Швецияның НАТО-ға қосылуына қолдау танытпай отыр. Ал, Финляндия альянсқа 4 сәуірде ресми түрде қосылды.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

- Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі Балтық елдерінің қауіпсіздігін одан әрі нығайтады. Вильнюс саммитінің алдында Брюссельде жоғары деңгейдегі кездесуді өткіземіз. Оған сыртқы істер министрлері, барлау басшылары және екі елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады.