Калифорнияда орманды өрттен қорғау басталды

Калифорнияда қураған ағаштар мен бұталарды жаппай кесу жұмыстары басталды.

Бұл шара табиғи өрт қаупін болдырмау мақсатында қолға алынған. Билік өкілдерінің айтуынша, ормандарды кеуіп қалған ағаштан тазарту жұмыстары жыл соңына дейін 10 штаттың аумағында жүргізіледі. АҚШ-тың батысында орналасқан өңірлер жыл сайын орман өртінен зардап шегеді.