Қытайда лай көшкінінен 4 адам опат болды
Қытайдың оңтүстік-батысында селдеткен жауын соңы лай көшкініне ұласты.
4 адам опат болып, 3-еуі ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сычуань провинциясында төтенше жағдай жарияланып, 900-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Жергілікті билік жағдайды реттеу үшін жедел штаб құрды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.