Флорида және Техас штаттарында 5 адам безгек жұқтырған
АҚШ-тың Флорида және Техас штаттарында 5 адам безгек жұқтырған.
Бұл - Америка Құрама Штаттарында соңғы 20 жылда болмаған оқиға. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, инфекцияның белгілері: дене қызуы, қалтырау, бас ауруы және жүрек айну. Жалпы, безгектің 95 пайызы Африкада кездеседі. Дереу дәрігерге көрінбесе, адам өміріне қауіпті.