ЕуроОдақтың «Жасыл келісімі» жүзеге аспауы мүмкін
Еуропалық парламент комитеті "Табиғатты қалпына келтіру" туралы заң жобасын кері қайтарды.
Құжатты Брюссель былтыр маусым айында биоалуандылықты сақтау стратегиясы шеңберінде ұсынған. Ол климаттық өзгеріспен күресу үшін 2030-шы жылға дейін одақ аумағындағы барлық салаға өзгерістер енгізуді мақсат тұтады. Жобаға консервативтік партиялар қарсы. Олар құжат еуропалық фермерлердің кірісіне кері ықпал етіп, бағалардың өсуіне әкеледі деп отыр. Комитет құжатты келесі айда тағы бір рет талқылайды.