Нью-Йорк билігі көлік кептелісіне байланысты салық салмақ

Бұл әсіресе, қонақ арылмайтын Манхэттен ауданына қатысты.

Егер заң шықса жүргізушілер, күніне 23 долларға дейін төлеуі мүмкін. АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігі мен Көлік министрлігі бұл ұсынысты қолдады. Сарапшылардың болжауынша, салық Манхэттенге келетін көліктердің санын 20 пайызға азайтады. Мұндай тәртіп келесі жылдың көктемінен басталады. Мұндай кептеліс салығы Лондон, Сингапур және Стокгольмде қазірдің өзінде бар екен.