Германияда дизель ісі бойынша сот үкімі шықты
Істегі басты фигурант "Ауди" компаниясының бұрынғы басшысы Руперт Штадлерге шартты түрде 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді.
Және 1 миллион еуродан аса айыппұл салынды. Оған көліктен ауаға тарайтын зиянды газ мөлшерін өлшеуіш құралды өзгертіп, сатты деген айып тағылған. Топ-менеджер кінәсін мойындады. Германияда дизельге қатысты бұл дау 2015 жылы туындған. Тергеу "Ауди" компаниясы көліктеріне ауаға шығатын зиянды газдың мөлшерін төмендететін бағдарлама орнатқанын анықтайды. Сот бірлестіктің әрекетінен зиян шеккендер өтемақы ала алатынын атап өтті.
Кай Хамдорф, Федералдық сот судьясы:
- Тұтынушы егер компанияның осы заңсыз әрекетінен жапа шексе, ешқандай сараптамалық қорытындысыз-ақ көлік құнынан 5-15 пайыз көлемінде өтемақы ала алады. Басқа соттар да осындай істерді қарап, өтемақы көлемін өздері белгілеуіне құқылы. Бұл үшін оларға шығын көлемін анықтаудың қажеті жоқ.