Франциядағы ереуіл басылар емес
Францияда жағдай әлі тұрақсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде 2 күн қатарынан ереуіл болып жатыр.
Адамдар көліктерді өртеп, полициямен қақтығысты. Әуелде Нантер қаласында басталған наразылық Парижде, Ренне мен Тулузада жалғасын тапты.
Халықтың жаппай бас көтеруіне жасөспірімнің өлімі себеп. Талапқа бағынбаған оған полиция оқ атқан. Бұл жағдай елді дүрліктірді. Халық тәртіп сақшыларының қатыгездігіне наразы. Ашуға ерік бергендер жолдарды жауып, мүліктерді өртеп, полицияға қарсылық көрсетті. Соңғы деректерге сүйенсек, ондаған адам тұтқындалған.