АҚШ-та пойыз рельстен шығып кетті
Апат кезінде 8 адам жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24».
190 адам мінген пойыз су таситын жүк көлігіне соғылып, вагондар рельстен тайған. Жолаушылар пойызының Калифорниядан Сиэтлға бара жатқаны белгілі болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, оқыс оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі дереу жеткен екен. Апаттық жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр.
Дин Уорти, Вентура округінің шерифі:
- Вентура округінде тергеу жүріп жатыр. Amtrak пойызы апатқа ұшырады. Пойыз су цистернасына соғылған, қатты соққыдан 10 шақты вагон рельстен шығып кетті. Жараланғандарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Теміржолдың бұл бағыты уақытша жабылды.