Су астынан «Титан» қалдықтары табылды

Суасты көлігінің сынықтары арасында адам денесінің бөлшектері болуы мүмкін.

Канада мамандары осындай мәлімдеме жасады. Жарылып кеткен кеме қалдықтары кранның көмегімен көтеріліп, Сент-Джонс айлағындағы жүк көлігіне тиелді. 5 адам опат болған оқиғаны толық зерттеу үшін бұл қалдықтардың маңызы зор. Өткен аптада Канада және АҚШ билігі біріккен тергеу туралы жариялады.

Ал жарылып кеткен суасты көлігінде сүңгуір ұйымдастырушысы Стоктон Раш, британиялық миллиардер Хамиш Хардинг, Пәкістаннан шыққан бизнес көшбасшысы Шахзада Давуд және оның ұлы Сулейман, француз океанографы Пол-Анри Наргеоле болған.