Еуроодақта электрондық еуро енгізіледі

Еуроодақта электрондық еуро айналымға енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ортақ цифрлық валюта қағаз, металл және карточкалық ақшаға қосымша төлем құралы ретінде қолданылатын болады. Еурокомиссияның мәлімдеуінше, қазіргі таңда еуропалықтардың жартысынан көбі қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанды қалайды. Тек аймақ халқының 20%-і қағаз ақшаны пайдаланады.

Брюссельде электронддық әмиян қауіпсіз деп отыр. Еуропалық парламент енді бұл туралы жеке заң қабылдамақ. Одақ аумағында электрондық еуро 2027 жылдан бастап толықтай қолданыла бастайды.

Валдис Домбровскис, Еурокомиссия вице-президенті:

- Цифрлық еуро күнделікті өмірде төлем жүргізу үшін қолданылады. Бір ерекшелігі, адамдар электрондық ақшамен онлайн да, офлайн да есептесе беретін болады. Телефон немесе басқа мобильді құралыңыздағы электрондық әмиянды кез келген уақытта толтырып, пайдалана бересіз. Онымен төлем жасау үшін сізге интернеттің қажеті болмайды.