Германия халқы ет жеуді азайтты
Германияда халық жаппай еттен бас тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар ет жеуді күн санап азайтып келеді. Соңғы деректерге қарасақ, қазіргі таңда немістердің 10%-тен астамы вегетариандық жолды ұстанады. Ал бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Елде әр адамның жылына тұтынатын ет мөлшері 52 келіге түскен, бұл – ең төменгі көрсеткіш, - дейді мамандар. 5 жыл бұрын бұл сан 61 келіні құраған еді.
Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, немістердің етті аз тұтынуының халық арасында жануарларға деген жанашарлықтың артуы себеп болған көрінеді. Осылайша, жергілікті тұрғындар қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үлес қоспақ. Сондай-ақ бұл денсаулыққа да жасқы, - дейді халық. Кей тұрғындар болса, немістердің еттен бас тартуының негізгі себебі қымбатшылық дейді.