Германияда азық-түлік қымбаттады
Германияның статистикалық басқармасы елдегі инфляция жөнінде мәлімет жариялады.
Оған сәйкес маусым айында тұтынушылық тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8%-ке өсті. Әсіресе азық-түлік 15 процентке дейін қымбаттаған. Электр қуаты мен коммуналдық қызметтердің де құны айтарлықтай артты. Сарапшылардың болжамынша, алдағы айларда бұл үрдіс сақталады. Ал келесі жылда инфляция деңгейі біртіндеп төмендейді.