Ирак мангр тоғайын өсіріп жатыр
Біріккен Араб Әмірліктерінен үлгі алған Ирак үкіметі климаттың өзгеруімен күресу үшін мангр тоғайларын еге бастады.
Кейінгі он жылда бұл елде ауаға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемі екі есе артты. Мангр ормандары жағалауды дауыл мен су тасқындарынан қорғайды. Иракта ірі мұнай кеніштерінің айналасында 4 миллион ағаш егіледі. Біріккен Араб Әмірліктері мангр тоғайларын 70-жылдардан бері егіп жатыр. 2030 жылға дейін тағы 100 миллиондай ағаш өсірмек.
Джихад Маджид, Басра университетінің профессоры:
- Осы тропикалық ағаштар көп мөлшерде көмірқышқыл газды сіңіріп алады. Зерттеу бойынша мангр тоғайының әр гектары жылына бір тоннасын жұтады.