Мексикада жедел жәрдем қызметінің 16 бекеті ашылды
Аптап ыстық Мексикаға да жетті.
Елдің солтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа көтерілді. Монтеррея қаласында адамдар көлеңке іздеумен әлек. Әсіресе ашық аспан астында жұмыс істейтіндерге қиын болып тұр. АҚШ-пен шекаралас аймақта жедел жәрдем қызметінің 16 бекеті ашылды. Бұл көрші елге ағылған мигранттар арасында төтенше жағдайды алдын алу үшін жасалған. Жергілікті билік болса, мұндай күн райы 10 күннен астам уақытқа созылуы мүмкін деп ескертті. Синоптиктер кей өңірлерде күн райы 45 градусқа дейін ысиды деп болжайды.
Вероника Орпеза, жедел жәрдем қызметінің координаторы:
- Температура қалыпты деңгейден өте жоғары. Соңғы жылдары мұндай бізде болған емес. Әсіресе 10-нан 4-ке дейінгі уақыт қауіпті. Күннің ыстығынан адамдардың қызуы көтеріліп, түрлі аурулар асқынуы мүмкін. Көшеде жүруді шектеу керек. Қазір өңірде осындай уақытша шатырлар құрылып, жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп тұр.