Нью-Йоркте атақты зергерлік бұйымдар дүкені жанып кетті
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат бойы арпалысқан.
Қауіп төнген “бесінші авенью” көшесінде 100-ге адам эвакуацияланды. Екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Әзірге басқа зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. “Дэйли мейл” басылымының деректеріне сүйенсек, таяуда ғана дүкенде құны 500 млн доллар шамасында жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілген.
Еске салайық, шаһарда бұл зергерлік бұйымдар дүкеніне туристердің көп баратын жері. Себебі мұнда 1961 жылы Одри Хепберннің қатысуымен голливудтық фильм түсірілген болатын.