Қытайда су тасқынынан тұрғындар эвакуацияланды

Қатты жауған нөсердің салдарынан Қытайдың Хунань өңірінде өзендер арнасынан асып, су тасыды.

Егістер, тұрғын үйлер мен көшелерді су алып кетті. Жергілікті билік ескерту жариялап, құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Әсіресе Баоцзин ауданында жағдай күрделі. Мұнда 12 сағатта 280 миллиметр жаңбыр жауған. Бір мыңнан аса жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.