Брюссельде Еуропада туризмді дамыту жөнінде форум өтті
Қатысушылар 3 жылға жалғасқан дағдарыстан кейін сала қалпына келгенін баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір саяхатшылардың көбі қоршаған ортаны сақтауға ниетті. Кейінгі 1 жылда ғаламторда экологиялық саяхтаттар іздегендер саны 36%-ке артты. Осыған байланысты теміржол байланысын жақсарту ұсынылып отыр. Еуропалық комиссияның мәліметінше, ұшақ пойызбен салыстырғанда ауаға көмірқышқыл газды 8 есе көп шығарады. Францияда пойызбен 2,5 сағаттан аз уақытта жетуге болатын қалалар арасында ұшақтардың қатынауына тыйым салынған.