Жасанды интеллект 300 млн адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Сарапшылардың болжамынша, жасанды интеллект 300 млн адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін.
Мәселен, АҚШ пен Еуропада еңбектің үштен екі бөлігін толық немесе жартылай автоматтандыруға болады. Дегенмен қол күшін қажет ететін мамандықтарға айтарлықтай әсер етпейді. Негізінен графикалық дизайнер, бағдарламашы, есепші, тілші, жазушы және мұғалім секілді маман иелеріне қауіп төніп тұр. Жасанды интеллектіні ендіру еңбек өнімділігін арттырып, әлемдегі Жалпы ішкі өнімді 7%-ке көбейтеді. Сарапшылардың пікірінше, Гонконг, Израиль, Жапония, Швеция және АҚШ жұмыс орындары ең көп қысқаратын 5 ел қатарына кіреді.