Астраханда домбыра жасау шеберханасы қайта жаңғырмақ
Ресейдің Астрахан қаласында ақсақалдар кеңесі құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жоба тілі мен ділін ұмытып бара жатқан қазақ жастарын тәрбиелеу мақсатында қолға алыныпты. Астрахандық ағайын ұмыт болған домбыра жасау шеберханасын да қайта жаңғырпақ.
Зейнолла Ибрагимов – аты аңызға айналған Құрманғазының жерлесі, Астрахан облысының тумасы. Осы өңірде ол – домбыра жасайтын жалғыз шебер. Бұл кәсіппен 30 жылдан бері айналысып жүр. Ендігі арманы – шәкірт тәриелеу.
Зейнолла Ибрагимов, шебер:
- Бірақ «леска» шықпайды ғой. Ал Қазақстанда домбрынаның өзіндік шегі әлі де жоқ. Ал бұрын біздің аталарымыздың домбыраларының өзінің шегі болды. Мені де 12 жасымда қарт шешен үйретті, әкемнен де көрдім, негізі.
Атадан балаға дарыған шеберлік дәстүр, өкінішке қарай, бұл өңірде ұмыт бола бастаған. Үйренем деушілер жоқтың қасы.
Данияр Имашев, «Астрахан қазақтары» ұйымының басшысы:
- Өкінішке қарай, халқымыз тілімізді ұмытып бара жатыр, тарихымызды ұмытып бара жатыр. Дәстүрімізді білмейді, дінімізді білмейді. Сондықтан бізде ақсақалдар кеңесі бар. Біз кездесеміз, ақсақалдарды тындаймыз, олар бізге кеңес береді, ақыл-өсиет айтады. Жастар үлкендерді тыңдайды.
Астрахань облысында бірнеше домбыра ұжымдары бар. Ол – «Шалқыма» қазақ халық аспаптар ансамблі, «Сары арқа» этно-фольклорлық тобы. Ал «Атамекен» домбырашылар ұжымы биыл 45 жылдық мерейтойын атап өтті.
Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров.